Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев азаматтардан несие мен жұмыс үшін уайымдап, дау көтермеуді сұрады.
«Біздің жайбарақаттығымыз бен енжарлығымыздың кесірінен ауруханада орын қалмауы мүмкін. Өзіміз бен жақындарымызды сақтайық. Жұмысты, кәсіпті, несиені уайымдамаңыздар. Мемлекет далада қалдырмайды», - деді Абаев.
Оның айтуынша, салық мәселесін тексеру де 30-сәуірге дейін шегеріліпті. Сондай-ақ, әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылғандарға 42 500 теңгеден төлеу үшін 200 миллиард теңге бөлініпті.
«Біз зейнеткерлерге дәрі-дәрмекпен, аз қамтылған отбасыларға азық-түлікпен көмек береміз», - деді министр.