Mazir
14 ноя 16:22korilim:515 Sayasat / Qazaqstan

Мемлекеттік шекараны бұзғандарға жауапкершілік күшейтіледі

Еліміздің мемлекеттік шекарасын бұзғандарға жауапкершілік күшейтілмек. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекеттік шекара режимі мен шекара режимін бұзуға қарсы тұру мақсатында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі кешенді алдын алу іс-шараларын жүргізеді. Шекаралас аймақтың жергілікті тұрғындарымен үнемі жиындар мен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп тұрады», - деді Үкімет басшысы жауабында.

Оның атап өтуінше, бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда шекаралық аумақта заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ақпарат жарияланап отырады.

«Қылмыстық заңнаманы оңтайландыру аясында ҰҚК мемлекеттік шекараны бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту мәселесін қарастыруда. Одан бөлек, шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру мақсатында Үкімет жанында Мемлекеттік шекара комиссиясы, сондай-ақ облыс және аудан әкімдіктері жанында шекара мәселелері бойынша үйлестіру кеңестері жұмыс істейді», - деді Әлихан Смайылов.


Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
Amanat партиясы Мәжіліс сайлауына 119, ал мәслихатқа 3821 кандидат ұсынды13:21Қазақстан көмек көрсетуге дайын. Тоқаев Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады14:24Автонесие сайтына бір минутта 125 мың адам кірген11:48Президент жазушы Шерхан Мұртаза ескерткішіне гүл шоғын қойды15:36Абзал ҚҰСПАН, заңгер: ӘР ІСКЕ ӘДІЛ ҚҰҚЫҚТЫҚ БАҒА КЕРЕК11:03Алматы облысында жол апатынан екі адам өртеніп кетті11:16Андрей Чеботарев: Сайлаушылар жаңа партияларға дауыс бере алады10:10Шетелдік көліктерді заңдастыру: 5 мыңнан аса адам қазақстандық нөмір алды14:34Алматыда 8 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды12:30Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді09:57Қарағанды облысындағы карьерде жұмысшы қаза тапты13:05Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң жобасы қаралды10:54Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды10:26БІЗ НЕ БІТІРДІК12:26Кәрім Мәсімовтің інісі аса ауыр қылмыстар жасады деп айыпталуда11:21Мемлекет басшысы әйелдердің зейнет жасына қатысты заңға қол қойды10:20Талдықорғанда журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімі берілді13:12Алматы: қаңтар оқиғасы құрбандарына арналған мемориал ашылды11:25Жыл басынан бері 93 адам пойыз астына түскен10:04Хәлің қалай, суретшілер одағы?14:05Елімізде несие және басқа да қарызын төлемей жүрген 7 млн борышкер бар13:47Келесі жылы да киіктерді атуға тыйым салынады12:51Астанада І Орталық Азия медиафорумы басталды11:25Бас прокуратура журналист Михаил Козачковтың ісіне қатысты пікір білдірді09:34Ақтөбеде балалар зардап шеккен жол апатында жүргізуші рульде қалғып кеткен15:14Журналист Михаил Козачков ұсталды11:26Месси шыңында. Аргентина әлем чемпионатында жеңіске жетті. Неліктен бұл керемет матч және тарихтағы ең жақсы финал болды?01:30Зақаш Камалиденов: Өзіңді өзің алдай алмайсың...17:36Президент: Мемлекетіміздің егемендігін, жеріміздің тұтастығын қорғау – әр азаматтың қастерлі борышы17:13YouTube ар-намысқа тиіп, пікір жазатын авторларды жазалайтын болды12:36