Бас прокуратура қаңтар оқиғасына байланысты ұсталғандарды азаптау ісіне қатысты тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында прокуратура органдары қаңтар айындағы оқиғалар кезеңінде ұсталғандарға
Қазіргі уақытта арнайы прокурорлар Алматы облысының полиция департаментінде үтік басумен азаптауды қолдану туралы іс бойынша тергеу әрекеттерін аяқтады.
Нәтижесінде полиция қызметкерлерінің 2022 жылғы 7-17 қаңтар аралығында Талдықорған қаласында жаппай тәртіпсіздік жасағаны үшін ұсталған 23 азаматқа азаптау қолданғаны дәлелденді.
Қылмыстық кодекстің 146-бабы бойынша 5 полиция қызметкері күдікті деп танылды, оның ішінде 3 Криминалдық полиция басқармасының қызметкері, 1 Әкімшілік полиция басқармасының инспекторы және 1 ЖҚАЖ қызметкері.
2022 жылғы 4 тамызда қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды. Бас прокуратура мәліметінше, азаптауды қолданудың басқа да деректерін тергеу аяқталуға жақын.
Басып шығару