Adebiet
Көк Туға – Құрмет!
26.10, 15:37
Құлтөлеу Мұқаш. Қазақтың ДОН-КИХОТЫ
17.04, 12:03
Есенғали Раушанов. Ақын мың баспа табақ кітап оқып, он баспа табақ кітап жазса қандай жақсы!
17.02, 10:49
Мұқағали тұрған пәтерлер
09.02, 11:34
Президент жазушы Шерхан Мұртаза ескерткішіне гүл шоғын қойды
03.02, 15:36
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздары анықталды
07.12, 11:13
ЖІБЕК ЖОЛЫ, 50
01.12, 11:36
Көпен қайтты – сөз семсердің суы қайтты
10.11, 12:32
Мұхтар Мағауин: Қазақстан дәуірлей берсін!
31.10, 11:43
Төлен ӘБДІК, жазушы: «ЖАҚСЫ АДАМНЫҢ ЖОЛДАН ТАЮЫ – ҮЛКЕН ТРАГЕДИЯ»
24.10, 15:19
Мемлекет басшысына зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесі туралы баяндалды
Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованы қабылдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
Президентке министрліктің жұмысы, соның ішінде зейнетақымен қамтамасыз ету және Әлеуметтік кодекс әзірлеу мәселелері туралы баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстандағы әрбір отбасының әл-ауқатын арттыруға және жұмыспен қамту ісінің табысты болуы үшін жағдай жасауға бағытталатын жаңа әлеуметтік саясат қалыптастыру тәсілдері ұсынылды.
Тамара Дүйсенова Мемлекет басшысына Отбасының цифрлық картасын жасау, Әлеуметтік қызмет көрсету порталын және Әлеуметтік қазынашылық ақпараттық жүйесін дамыту жоспары жөнінде айтты. Президент геосаяси жағдайдың өзгеруін және еңбек нарығына қысымның күшеюін ескере отырып әзірленген көші-қон саясатын дамыту жоспарымен танысты.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік еңбек саласындағы өзекті проблемаларды шешу жөнінде бірқатар тапсырма берді. Мемлекет басшысы жастарды жұмыспен қамту бағдарламаларының тиімділігін арттыру, әлеуметтік қорғау жүйесінің тетіктерін жетілдіру қажет екенін атап өтті.
Басып шығару