UFC: Жалғас Жұмағұлов жеңіске жетті

  • 11 июл, 10:30
  • Көрілім: 252

Невада штатының Лас-Вегас қаласында қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі жекпе-жекте алғаш рет жеңіске жетті.

Жалғас Жұмағұлов АҚШ спортшысы Джером Риверадан басым түсіп, үміт күткен қазақстандықтарға қуанышты сәт сыйлады.

Алғашқы бес минутта Ривера аяғы мен бойының ұзындығын пайдаланып, қарсыласын жерге жығып алмақ ниетте шапшаң қимылдар жасаған болатын. Америкалықтың бірнеше соққысы дөп тиген сәттер бар, бірақ Жұмағұлов еш саспай қайтарма шабуылдарды еселеп жасап отырды.

Жекпе-жек Жұмағұлов жеңісімен аяқталды.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікір қалдыру