Нұр-Сұлтандағы дәмханадағы жарылыс кезінде қаза тапқан қыздың отбасына көмек көрсетіледі. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында айтты.
"Газ баллон жарылған кезде бөлмеде болған қыздың отбасы мен туыстарына көңіл айтамын. Марқұмның отбасына көмек көрсетіледі. Төтенше жағдайды тергеу үшін арнайы комиссия құрылды.
Төтенше жағдайлар департаменті мен полиция департаментіне қаладағы басқа да қоғамдық тамақтану нысандарын өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын тексеруді тапсырдым", - деп жазды қала әкімі Instagram желісіндегі парақшасында.
Басып шығару