Mazir
28 сен 09:08korilim:1 332 Qazaqstan / Adebiet

Қайғырма, ана, серттемін!


Не көрсеттім мен саған,
Азапты ойдан өзге не?
Көріп едің, анажан, мен секілді «кезбеден».
Әр күн сайын басыңа бір уайым тосылды,
Әр түн сайын шашыңа бір уыс ақ қосылды.
Ұл тіледің құдайдан – алдың оны зорға, ана,
ар тіледің құдайдан – жоқпын арды қорлаған;
ақ тілеуің құдайдан – жалғыз мен ғой, балаң ғой,
бақ тіледің құдайдан – құдай оған сараң ғой;
көрмейтінін құдайдың – көріп қайтып шыдадың,
бермейтінін құдайдың– неге ғана сұрадың.

Қайран шешем, аяулы анам,
тісті едім мен – тұмша жапты.
Салмаса егер бұғау маған,
бұлқынбас ем мұнша қатты!

Қайғырма, ана, серттемін – бал берсе де айныман,
Күйім болар шерткенім – жан берсе де айныман.
Суық едім, жан ана,– тыншытпады күй деген,
туып едім далада – өсіп келем түрмеде;

бұлқынбасам қаттырақ – мүшем де ұйып барады,
ханға бермес қолымды – кісен қиып барады,
Жылау салса жаныма – торыққаны деп түсін,
бұғау салса қолыма – қорыққаны деп түсін!
Құрманғазы жасаған өлке, Құрманғазы туған дала – күй өлкесі, күйдің даласы. Құрманғызыны туған халық, Құрманғазыны туған ел – күйдің халқы, күйдің елі. Айтпақшы, Жұмекен де – сол өлкенің тумасы, Ол да домбыра сөйлеген, күй ескен өлкенің тумасы. Біздің назарымыздағы Жұмекен ақынның домбыраға, күйге деген сүйіспеншілігі, оның домбыраны тартуы, күй тыңдауы, одан әсер алуы жеке оған тән өзгеше құбылыс.
Біз Жұмекеннің «Күй кітабын» қолымызға алып отырмыз. Ол нотамен емес, өлеңмен жазылған «Күй кітабы. Жұмекен күйді өлеңге түсіреді. біздің ойымызша күйді нотаға түсіру – көшіру, ал өлеңге түсіру – оны түсіну, сезу, тыңдау. Күйден алған әсерді сөзге көшіру.
Жұмекен ақынның басқа күллі ақындардан өзгеше қасиетінің бірі осында. Жұмекен өзінің әйгілі «Ақ шағыл» романында Талжібек деген көркем кейіпкерін суреттей отырып, оның күй тартқанын, сондағы тыңдаушылардың әсерін жазатыны бар. Сонда қыз алдымен «Қайран шешемді», «Қызыл қайың» «Серпер» күйлерін тартып бастайды. Жұрттың бәрі де: « Жалдыдан (Құрманғазыдан) баста аруақ аттамайық» деседі. Әрине, оған дейін Құрекеңе ұстаз боларлық әйгілі қаншама күйші өтті ғой. Бірақ жұрт Құрманғазыдан бастайды екен.
«Күй кітабында» Жұмекен де сөйтеді. Ол да «Қайран шешем», «Ертең кетем», «Түрмеден қашқан», «Адай», «Алатау», «Сарыарқа», «Қызыл қайың» күйлеріне тоқталады. Осыншама күйді өзі де тартқанына шүбаміз жоқ. Тарта отырып, ішкі толқынын өлеңге, сөзге аударған. Біз Абайдан бір шумақ өлең мысалға алған болатынбыз.
«Көңілдің күйі тағы да
Өмірсіз жанның алды ішін.
Аударды өлең жағына,
Нәпсінің сынған қайғысын», - деп.
Жұмекеннің ішін домбыраның күйі алған кезде, оның әсері толғаған кезде сол көңіл-күйді ол  да өлең жағына аударады. Қалпын бұзбай аударады.
Енді «Қайран шешемізге» келейік. Біз Құрманғазы туралы жазылған біршама еңбектерден әкесі Сағырбайдың біртоға, момын адам болғанын, ал анасы — Алқа адуынды, палуан, рухты кісі болғанын білеміз. Құрманғазының бұл күйі сол анасына арналған.
Жұмекен Ахмет Жұбанов жайлы «Әңгіме» атты өлеңінде:
«Солай ма,
басқа ма әілде, біліпті кім,
кім өлшепті аңыздың биіктігін.
шығарады әйтеу бір әр түрлі аңыз
мақтарда жұрт өзінің сүйікті ұлын», - дейтіні бар (оқыңыз).
Әлде аңыз, әлде шын, кезекті рет қолға түсіп, айдалып бара жатқан Құрманғазы анасының алдында сәл жасып, көзіне жас алған көрінеді. Сонда анасы шапалақпен салып жіберіп:
- Ер тудым десем ез туғанмын ба? Көрсетпе көз жасыңды мына дұшпанға! – деп баласына қайрат бергенге ұқсайды. Түрмеде отырған күйші анасының осындай рухты, биік, батыр болмысын күймен салған дейді...
«Ұл тіледің құдайдан – алдың оны зорға, ана,
ар тіледің құдайдан – жоқпын арды қорлаған».
Анасының қайсар рухы ақ тілеуден тұрғаны көрінеді: ұл тілегі мен ар тілегі. Ұлы бар — ол арлы ұл.
«Қайран шешем, аяулы анам,
тісті едім мен – тұмша жапты.
Салмаса егер бұғау маған,
бұлқынбас ем мұнша қатты!»
Аузын баспаса, қолын байламаса халық бұлқына ма? Бұл құлдыққа бағынбаудың бұқынысы. Онда да күйшінің қолына салған бұғау. Күй күреске шақырып, халықты қарсы көтеріп тұрғаны ғой.
Бастапқыда он төрт буындық тармақ кейде бір жол тұтас ұйқасатын тәсілмен төгіліп келе жатқан өлең дәл осы төрт жолда сегіз буындық ырғаққа ауысады. Зайыры, күй ырғағымен шалқып түскенге ұқсайды. Бұл жерде біз күйдің музыкалық ерекшеліктерін, үн үйлесімін, диапазонының ауқымын талдауға талпынбаймыз. Себебі: біз музыканы емес, оның өлеңге айналған үлгісін талдап отырмыз. Соңғы екі шумаққа келгенде өлең қайтадан он төрт буындық тәсілге көшеді. Ия, ақын күй ағынымен құбылып отыр.
Соңғы шумақтарда күй қайраттана түседі. Анасына серт бергенге ұқсайды.
«Қайғырма, ана, серттемін – бал берсе де айныман,
Күйім болар шерткенім – жан берсе де айныман.
Суық едім, жан ана,– тыншытпады күй деген,
туып едім далада – өсіп келем түрмеде».
Он төрт буындық тармақ ортасынан тағы да ұйқаспенен қабыса қиысып түсті. Күйші серт етеді. Алты рет түрмеге түскен - айдауда болған Құрманғазының «өсіп келем түрмеде» дейтін жөні бар. Онысының өзін күймен айтыпты.
«бұлқынбасам қаттырақ – мүшем де ұйып барады,
ханға бермес қолымды – кісен қиып барады,
Жылау салса жаныма – торыққаны деп түсін,
бұғау салса қолыма – қорыққаны деп түсін!»
Біздіңше Құрманғазының күйіндегі қағыстар, ондағы дыбыстар соншама сәйкес, соншама ұйқасты болуы тиіс. Соңғы шумақтағы жол бойынша он төрт буын түгел қабыса ұйқасып тұрғанын көрдік. Бұл – ақындық шеберліктің соншама биік шыңы, өлең сөздің  соншама еркін құйылуы. Күй үнімен құйылып тұрғаны.
Жұмекеннің күйге арнаған барлық өлеңдерінде  дерлік ұйқас, көркемдік, ішкі ырғақ үсті-үстіне атылып, астасып түседі.
Бір тұстары Жұмекенге домбырадан сабақ берген, кейінде Қаршыға Ахмедияр, Бақыт Қарабалина, Мағауия Қамзин, Шәміл Әбілтайды тәрбиелеген профессор Құбыш ақсақал ақынның «Күй кітабын» ерекше бағалаған:
«Жұмекеннің 1967 жылы өмірге келген "Күй кітабы" өнер саласындағы үлкен жаңалық - күйге деген үлкен сүйіспеншілікті, түсінікті әкеледі. Онда Құрманғазының, Дәулеткерейдің, Динаның, Тәттімбеттің әрбір күйлеріне арнау-талдаулары бар, ол күйлердің сырымен, автордың ойын өте терең түсінеді, оларды соқырға таяқ ұстатқандай талдап береді. Мұндай талдау тек қана музыка зерттеушілерінің, музыка теоретиктерінің ғана қолынан келетін нәрсе. Бұл Жұмекеннің музыка саласында да ой-өрісінің жоғарылығын, күй өнерін бес саусақтай сезінетінін, білетінін көрсетеді. Жұмекеннің бұл еңбегін домбыра мамандарының, музыка зерттеушілерінің қолынан түспейтін оқу құралы деп есептеймін».
- Бұл Құбыш Мұхидовтың — әйгілі музикатанушының сөзі. Шын мәнінде 50 жыл бұрын-ақ ерекше резонанс тудырған күй өлеңдер жайлы әңгімеміз жалғасады. «Қайран шешем» күйі мен өлеңін неше қайыра тыңдап, оқысаңыз екен.
Басып шығару
cheap lasuna generic - buy generic diarex cheap himcolin

purchase besivance eye drops - order besifloxacin generic oral sildamax

where to buy rumalaya without a prescription - order rumalaya online cheap endep 50mg for sale

mestinon 60mg over the counter - buy sumatriptan 25mg generic where to buy azathioprine without a prescription

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15