Mazir
19 сен 14:02korilim:1 641 Qazaqstan / Adebiet

«Қызға қарап қайтеді домбырасы бар кісі?!»

Сапар – ұзақ деп еді,
тез оралдым, тағы да
тез оралам,
себебі:
домбырамды сағынам.

Үйкүшіктеу – біліп қой –
бұ заманның серісі мен жарлысы: –
жаңа үйленген жігіттей
домбырасы бар кісі.

Талай әсем қыздардың
дарымады «қарғысы»:
қызға қарап қайтеді
домбырасы бар кісі.

Талай жұмбақ күй шерттім –
шешу ғана қалып тұр.
Ақылсыз көп құлақты
кесу ғана қалып тұр.

Домбыра, сен туралы
талай жаздым мен мына –
күйді ұқпаған кісілер
сөзді ұға ма, өзің айтшы, домбыра?!
Бақыт жайлы толғам көп,
менің бағым – домбыра.
Майсаңдап күй шертпесе
неге керек қол мына!
Күрек ұстай білмесем,
қалам ұстай білмесем –
қайғырмас ем,
ал, бірақ
домбыра ұстай білмесем,
күйдің мәнін, сүйсінбесем, әр ұғып,
өлер едім, жүрегім
қасіреттен жарылып! 
Жұмекеннің өзі айтқандай: «Тағы да домбыра». Біз ақын өлеңдерінен музыкалылықты, әуезділікті, екпінді, ырғақты, әуендік үйлесімділікті байқаймыз. 
Ақын поэзиясы ырғақпен, ішкі тебіреніспен, музыкамен астасып жатады. Тіпті, оның шабыттану сәті де сол екпінді ырғақпен түседі. 
Жұмекен шығармаларындағы күй әуенді күмбір, тереңдік – домбыраның үніндегі кейде қоңыр, кейде  ширыққан дыбыстардың үйлесімі сияқты ішкі қисынмен тұтасады. 
Үйкүшіктеу – біліп қой –
бұ заманның серісі мен жарлысы: –
жаңа үйленген жігіттей
домбырасы бар кісі.
Талай әсем қыздардың
дарымады «қарғысы»:
қызға қарап қайтеді
домбырасы бар кісі.
Дәл осы жолдардан кейін кез келген оқырман еріксіз жымиятыны анық. Бірақ оның түбінде асыл сөз, тұщы түйін жатқанын байқайсыз. 
Талай жұмбақ күй шерттім –
шешу ғана қалып тұр.
Ақылсыз көп құлақты
кесу ғана қалып тұр.
Өлең жұмбақ болмағанмен күй үні сізді жұмбақ әлемге жетелейтіні анық. Күйге елеңдемеген құлақ ол – «ақылсыз құлақ».
Домбыра, сен туралы
талай жаздым мен мына –
күйді ұқпаған кісілер
сөзді ұға ма, өзің айтшы, домбыра?!
Мына сөзге қараңыз! Шынымен де солай - зайыры, түсінуге сөзден көрі күй жеңіл секілді. Әлде Жұмекен үшін солай ма екен?! Ол соншама сөздік қуатымен, соншама түсінікпен домбыра дауысына бас иеді. Шынымен де солай сөз ұғудан күй ұғу жеңіл шығар... ия, күй тілі күллі адамзатқа ортақ тіл.
Біз «Жұмекеннен жүз өлең» жобасының “старт” бөлімінде ақынның поэзия әлеміне, әдебиет теңізіне құлаш ұрып, өлең даласында көсіле шапқан сәтінен бастадық. Жұмекеннің мақсұты, ақынның сұрапыл шабыты, оның көркемдік ұстанымы сол бөлімдегі 16 өлеңнен көрінді деп ойладық. Жобаның бұл бөлімінде біз Жұмекен поэзиясының музыкалылығына, домбырасы мен күй өлеңдеріне үңілеміз. 
Біз өлеңдердің ыңғайына, тақырыптық сәйкестігіне қарай кей-кейде екі-үш өлеңмен қосақтап сөз етіп жатырмыз.
Ғафу Қайырбековты күллі қазақ бір ән өлеңімен-ақ біледі. Ол – «Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін. Көңліңді көктемдей көзіңнен танимын» деп қайыратын «Ана туралы жыр»: Бұл өлеңді Моңғол елі өз тілінде хормен айтқанын тыңдағанбыз.
«Жұмаш ұлы ақын» деп, асыл ақын інісіне оның көзі тірісінде   биік бағасын берген сол Ғапекең - Ғафу Қайырбеков тамсана отырып былайша армандап еді:
«Бұл юбилей кезінде Жұмекен жайында Әбекең Тәжібаев, Әбіш Кекілбаев, Аян Нысаналин, Шөмішбай Сариев, Сейфолла Оспанов, тағы басқа жолдастардың мақаласы жарық көрді. Оларына көп ризамыз, бірақ біздің әдетіміз – шөпті шауып талап, енді қайтып ол далаға келесі жылға дейін оралмайтынын түсінген пішеншілердей әрекет етеміз. Жұмекен жайлы зерттеулер мен естелікті қосып, тұтас дүние жасауымыз керек. Ол біз туралы жырлады, біз енді ол туралы жырлауымыз керек. Оның тек қана Жұмекен емес, қазақ өлеңтану ғылымына пайдасы көп. 
Сол пайданың бастысы – жұртшылыққа, әсіресе, жас ұрпаққа ана тілінің, оның ішінде ақындық тілдің қасиетін ұғындыру. Жұмекеннің бүкіл ақындық жүйесі, тіл өрнегі, ойлау әдісі, образдар системасы, адам портретінің галереясы, өз портреті, өзінің лирикалық геройы, өлеңнің таза техникалық түрі, үні, музыкасы, ырғағы, ағыны деген сияқты толып жатқан құралдары дәл сондай күрделі зерттеуді керек етеді. Шіркін, Жұмекен поэзиясы туралы мектепте болсын, ВУЗ-да болсын, арнаулы лекциялар оқыр ма еді, егер оқи алатын күн болса». 13.12.1985 ж.
Автордың бұдан 35 жыл бұрын Жұмекен ақынға арналған 50 жылдық мерейтойдағы баяндамасынан.
Басып шығару
purchase lasuna generic - himcolin sale order generic himcolin

oral besifloxacin - besifloxacin order order sildamax pills

benemid 500mg over the counter - purchase probalan without prescription carbamazepine 400mg uk

purchase celecoxib pill - buy indocin 75mg generic indocin 75mg us

diclofenac 100mg without prescription - aspirin 75 mg without prescription buy aspirin 75 mg online

buy rumalaya for sale - buy endep generic buy endep

mestinon 60mg uk - order sumatriptan 25mg generic buy imuran 25mg sale

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15