Mazir
17 сен 09:34korilim:1 035 Qazaqstan / Adebiet

Неге керек, неге керек қанағат?

Жер бетіне бүкіл адам еккенін
«Егін!» дейді – бұл ғажайып неткен үн!
Сары бауырдай топырағына өлкемнің
Батырыпты әр заман өз кетпенін.

Кетпен, Кетпен, тозды маркаң, тай алыс,
Кетпен ісі өнімсіз іс – баяғы іс.
Трактордың табанына тапталды
Кетпен, Кетпен, саған деген аяныш!..

Осы жермен бабам көшкен, құм көшкен,
Көшкен құмға үміт, арман мінгескен.
Құм шөккенде бірге шөккен көп кеуде,
Көп тіршілік үмітімен бірге өшкен.

Өшкен жерден өсіпті өмір қайтадан,
Жер – бір ұя балапанын шайқаған.
Әр төбеге ұялаған тарихты
Бабам еккен егіні деп айта алам!..

Егін дейді қымбаттатып алтынды,
Егін аты аспаныма даңқ ілді.
Бір жылылық баурап алып салқынды,
Күнге қарай, күнге қарай талпынды.

Ей көк аспан, жердің даңқын паналат!
Сөйлемейді жүрек жаңсақ, жан ағат:
Тойымсыздық жасап жатса бақытты,
Неге керек, неге керек қанағат! 
Біз бұл жолы ақын Жұмекеннің «Сыбызғы сыры» атты екінші кітабынан сегіз бөлімнен тұратын «Егін» атты поэмаға бергісіз үлкен толғауын оқып отырмыз. Ақынның өзі айтқандай «Түйдек-түйдек сөздердің, түйілген жерінен» арыға озбай тоқтадық. Сегіз бөлімінде бір мін жоқ сұлу өлеңінің алғашқы алты шумағына аз-кем кідіріп қалдық.
Егін – тарих, егін – туған жер, егін – атамекен. Бұл өлең сол мекенді мыңдаған  трактор таптаған тұста жазылған. Қанағатсыздық қазақ жеріне - қазақтың қара топырағына. Жон Арқасына қанды шеңгелін салған уақыт.
Құм көшкен, талай ғұмыр өшкен, талай тарих өзінің кетпенін салған ұлан далаға трактордың темір, шойын, шынжыр табанын салған шақ. «Бұл - тойымсыздық, қанағатсыздық, бұл –аянышты» деп сол заманда Жұмекеннен басқа ақын айтты ма екен?! Айтқанды қойып, түйсініп те, ойлап та қоймас -ау.
Сол трактордың табанына рухы тапталып, оны тұла бойымен сезініп, жүрегінен өткізген ақын Жұмекен - ақ еді.
Тойымсыздық жасап жатса бақытты,
Неге керек, неге керек қанағат!
Біз осы жерде тоқтадық. Онсызда сұлу өлеңнің өн бойындағы жұмекенше ирімдерді талдап оқуды сізге ұсынайық.
«Егіннің» сегіз бөлігі бір желіге байлаған сегіз өлең - сегіз құлын сияқты.
Соның ең қысқасы алты-ақ жолдан тұрады:
Ей, туған жер! Біткен екен бас маған,
Сол басыммен өз кеудеңді жастанам.
Сар құмыңның бір мысқалын қос маған,
Уақыттың дауылы айдап тастаған.
Сол дауылың мені де алып өтсін де,
Орта жатқан сай-жырыңа төксін де...
Бізге бүгін оны сезіну жеңілдеу шығар. Ал, «миллиард бұт астық» туралы ұрандатып жатқан заманда әлгіндей ішкі қарсылыққа бару, оны - ол ойды жырға жүктеу жалғыз Жұмегеннің ісі болатын. Өлеңдегі «осынау қарсылық сезім» түу баста жас ақын. Жұмекеннің ақындық стартында көрініп, кейінде күллі өлеңінің, ірі толғау - дастандарының өзегіне айналады. Біз бұл жобада оған ауқымды орын беретін боламыз.   
Сол тұстағы тағы бір өлеңін Жұмекен былай бастайды:
Менікі ғой, менікі ғой бұл аспан,
Көк жиегі келешекпен ұласқан.
Мына жаздың қызғалдағы үмітім
ұлы жердің кеудесінде гүл ашқан.
Аспан, көк жиек, келешек, қызғалдақ, ұлы жер бәрі де оның иелігі. «Жер менікі» деп жанталасқан рух, дүрсілдеген жүрек. Сол заманда ақынның «менің Қазақстаны, менің елім, менің жерім» деп айта алуы – ол - осындай ішкі қайсарлықтың себебі болғанын қайталап айтамыз.
Жұмекеннің кітаптарына жазған алғысөзінде Зейнолла Серікқалиев былай депті:
«Жұмекен өзімізге ұқсас қарапайым пенденің ғасырлар бойы халық арманы қалыптастырған ертегілік алыптар игілігі тəрізді ғаламат қасиеттерін ардақ тұтты. Көзбояушылық пен қызыл сөзге күле отырып, өз жан сарайымен, ақындық барша болмысымен жете сезінген кешегі тоқырау заманының майбасар былық-шылығынан мүлдем ада, адал адамгершілік ұғымының мұрағияттық үлгісін мүсіндеді...
Оң қабырғаға туған елі картасын іліп қойып, өзгелерге мейіріммен қарауды тек өзінен бұрынғылар дарытқан ізгілік нұрынан үйренер өрімтал ұрпағымен, өз ұлымен сырласты. Ақын жырында жұмыр жер – ғаламшар ақ жұмыртқаға баланып, одан ақыл-ой – ақ үрпек балапандар жарып шықты...»
Кәсіби сыншы Зекеңнің осы сөздеріне көз жүгірте отырып, осы өлеңді талдаған-ау деп ойладық. Біздің байқайтынымыз – әрқандай Жұмекеннің замандасы, сыншы не ақын болса да Жұмекен өлеңіндегі отарлауға қарсылықты сезіне алмаған сияқты.
Жұмекеннің сондай қарсылықтарын, «түйдек-түйдек сөздерінің түйген жеріндегі» ойларына бұлыңғыр қараған сияқты. Оның жырларына сүйсіну, тамсану сияқты сезімдер замандастарында болды. Олардың дені кітапты жабық ұстаған күйі қолын сілтеп тұрып сөйлейді. Алтын сандықты құлыптаулы күйінде көрсетеді. Ішіндегі қазынаны алып шығып, көрсетпейді, әлде көрсете алмайды.
Біздің «Жұмекеннен жүз өлең» жобасындағы мақсатымыз – Жұмекен өлеңдерін оқу, әлімізше талдау, сізбен бірге оқу, оқи отырып тамсану.
Жұмекенге үңілуді «Алматы» өлеңімен бастап едік. Жобамыздың бірінші маусымын сол көбімізге таныс көркем қала туралы тағы бір жырға көңіліңізді аудара түйіндейік:
Жапырақтар, жапырақтар саялы,
Жапырақтың төсінде шық таяды.
Бүкіл осы Алматыны – табиғат
Жапырақтың бояуымен бояды.

Жапырақтар, жапырақтар саялы,
Таптамашы, адамдардың аяғы!
Жастық шағым жапырағын жаяды.
Жастық шақтың бұтақтары баяғы,

Қартайғанда болды ақынның таяғы.
Ал, біреулер тым ертерек ақсады,
Тағдыр онан таяғын да аяды...
Жапырақтар, жапырақтар саялы!  
Ақынның алғашқы жинақтарынан 16 өлеңін (кейінен үзінді алып) таңдап, талдай келе жобаның бірінші бөлімін тамамдап, келесі кезеңге өтеміз. Алда 84 өлеңді тақырыптарға топтап оқимыз. Bairaq.kz назарыңызда болсын.
Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15