Әлемдегі қаржылық-экономикалық жағдай және оның Қазақстан экономикасына әсері талқыланды.
Президент Ұлттық банкке және басқа да мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді. Негізгі міндет - халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындау.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Премьер-Министрдің тікелей басшылығымен жедел әрекет ету штабы құрылды. Дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспары жасалады, жұмыспен қамтуды қолдау үшін арнайы жоспар дайындалады. Президент мүмкіндігінше көп адамды жұмыспен қамтамасыз ету өте маңызды екенін айтты.
Үкімет 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау бойынша ұсыныстар енгізбек.
Мемлекет басшысы бюджет шығындарын азайту, аймақтардағы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, елдің қаржы нарығын тұрақтандыру, республикалық және жергілікті бюджеттерді оңтайландыру бойынша шаралар қабылдау қажеттігін айтты.