Бүгін Алматыда Қаңтар оқиғасы құрбандарына арналған «Тағзым» мемориалы ашылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мемориал Республика алаңына орнатылды.
Алаңға Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келді. Жаңа ескерткіштің ашылу салтанатына ондаған адам қатысып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Алаң аумағында жолдар жабылған. Кептелісте тұрған алматылықтар шағымданып жатыр.
Еске салайық, 13 қаңтарда Алматының экс-әкімі Бақытжан Сағынтаев бұл мемориал «елімізді лаңкестерден қорғап, бейбітшілікті сақтап, ел қауіпсіздігін қамтамасыз еткен азаматтарды еске алу үшін ұрпаққа мұра ретінде қойылатынын» айтқан болатын.
Қаңтар айының басында Қазақстанда Жаңаөзендегі газ бағасының қымбаттауына қарсы наразылықтардан басталған. Арты қанды Қаңтар оқиғаларына ұласты. Тәртіпсіздікті басу үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ елдерінің Қарулы күштерін шақырды. Қазақстан билігі тәртіпсіздіктерге «лаңкестерді» айыптады. Кейіннен бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көптеген жақын адамдары әртүрлі айыптармен қызметтерінен босатылды, кейбірі қамауға алынды.
16 тамызда Бас прокуратура қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан 238 адамның аты-жөнін жариялады. Олардың алтауы ұсталған соң азаптау құрбаны болған. 2 қарашада президент қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды.