Қазақстандағы дүнгендер қауымдастығының басшысы Хусей Дауров билікті елде болып жатқан ксенофобия мен ұлтшылдық мәселесін реттеуге шақырды. Сонымен қатар, ол Қордай аймағында болған оқиға кезінде жергілікті тұрғындардың бір-біріне қалай көмектескенін айтып берді.
«Бұл қалай болды, бейкүнә адамдар неге қаза тапты, бұндай жағдай Қазақстанда болуы мүмкін бе? Осындай оқиғаны ұлы Абайдың , Шоқан Уәлиханов, Қожа Ахмет Яссауи, Абылай хан мен Қасым хан, Төлеби мен Қазыбек бидің ұрпақтары жасады ма? Ұлдары ата-бабасының жеті ұрпағын білетін, батырларының құрметі мен даңқын бағалайтын халық. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Кеңес Одағының әртүрлі аймақтарынан қоныс аударған миллиондаған адамдарды паналатқан халық. Кавказдан, Еділден және Қиыр Шығыстан келген жүз мыңдаған этникалық топтарға баспана мен нан берген халық. Жоқ! Мұны қазақтар жасаған жоқ! Мұны ұлтшылдыққа үндеген қылмыскерлер, оңай ақшаға құмар болған қарақшылар, біздің тұрақтылық пен ұлтаралық келісімнің арандатушылары, түрлі-түсті төңкерістер технологиясында жұмыс істейтін шетел эмиссарлары бастаған» , деп жазды Дауров Facebook-тегі парақшасында.
Бізді қазақтар құтқарды! Фермер Қуаныш бірнеше дүнген отбасыларын үйде жасырды, Айнұр, Азамат, Соня балаларымен бірге қорқып тұрған ондаған отбасыны қабылдады. Кеңес ауылының қарт тұрғыны жиналған топтың арасынан екі жігітті құтқарып, оларға шай беріп, үйіне кіргізді. Мұндай фактілер өте көп », - деді ол.
Жамбыл облысының Қордай ауданында жаппай тәртіпсіздік 8 ақпанға қараған түні болды. Ресми мәлімет бойынша, 11 адам қаза тауып, 185 адам жарақат алды, 39 үй, 20 сауда нысаны және 47 көлік өртеніп кеткен. Жамбыл облысының жаңа әкімі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, қазір Қордайдағы жағдай тұрақты, құқық қорғау жұмыстары жалғасуда.