2020 жылдың 1-қаңтарындағы жағдай бойынша талап етілмегендіктен төленбей тұрған зейнетақы мөлшері 10 604 764 131 теңгені құраған. БЖЗҚ-да жинақ қоры бар және зейнет жасына жеткен 174 235 адам зейнетақы алуға құлықсыз.
«БЖЗҚ өз кезегінде жинақ қоры бар азаматтарға, әсіресе зейнетақы алмай, өтініш білдірмей жүрген кісілерге арнап бірқатар шаралар өткізуде, оның ішінде түрлі хабарламалар, электронды поштасына хаттар жіберу түрінде де жеке жұмыстар атқарылды. Сондай-ақ, БЖЗҚ сайтында және оның әлеуметтік желідегі парақшаларында түрлі ақпараттар жиі жарияланып отырады», - делінген қордың мәлімдемесінде.
БЖЗҚ зейнетақы тағайындау үшін (ер адамдарға 63 жас, әйел адамдарға 2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап 59,5 жас) зейнет жасына жету міндет. Одан кейін жергілікті Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, төлқұжатыңызды және банк шотыңызды көрсету арқылы өзіңізге зейнетақы тағайындайсыз.
І немесе ІІ дәрежелі мүгедектерге де осындай талап. Олардың қордағы жинағы мен мемлекеттен бөлінетін зейнетақысы қатар түседі.
Егер сіздің жинақ қорыңыздағы қаражатыңыз минималды зейнетақының 12 есесінен аспаса (минималды зейнетақы – 38 636 теңге, оның 12 есесі – 463 632 теңге), онда сіздің зейнетақыңыз БЖЗҚ есебінен төлене бермек.