Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің алтыншы саммиті өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жақында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров биылғы саммитке 50-ге жуық делегация келетінін айтқан еді.
Жоғары деңгейдегі кездесу АӨСШК шақыру туралы бастаманың 30 жылдығына орайластырылып, Қазақстанның төрағалығымен өтеді. Саммитке мүше мемлекеттердің, байқаушы елдер мен ұйымдардың, серіктес ұйымдардың бірінші басшылары шақырылды.
Азия кеңесінің саммиті пандемиядан кейінгі кезеңде Қазақстанда ғана емес, жалпы континентте де аса ауқымды саяси оқиғалардың біріне айналады деп айтуға болады. Осы саммит қазақстандық төрағалықтың басты іс-шарасы, оның ішінде еліміздің төраға ретіндегі екі жылдық жұмысы қорытындыланады.
Саммит барысында бірқатар құжаттар мен шешімдер қабылдау жоспарланған.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, алтыншы саммитке 11 мемлекет басшысы қатысады.