Ресей СІМ басшысы Ермек Көшербаевпен екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, тараптар дипломатиялық қатынастарды одан әрі дамытуға деген көзқарастарын растады.
Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Ермек Көшербаевпен кездесті.
Кездесу барысында дипломаттар екіжақты күн тәртібіндегі және Қазақстан мен Ресейдің халықаралық аренадағы өзара әрекеттесуіндегі өзекті мәселелер бойынша пікірлерімен бөлісті, деп хабарлайды РФ СІМ сайтында.
Министр мен елші стратегиялық серіктестік пен одақ рухында дамып келе жатқан Қазақстан-Ресей қатынастарын одан әрі нығайтуға позитивті екендіктерін атап өтті.
Бұған дейін Ермек Көшербаев сенім грамоталарының көшірмелерін Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденкоға тапсырған болатын.