Мемлекет басшысы Ресеймен стратегиялық және одақтастық қатынастарды одан әрі жан-жақты дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ресейдегі жаңадан тағайындалған елшісі Ермек Көшербаевты қабылдады, деп хабарлайды bairaq.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Ресей Федерациясымен, оның ішінде интеграциялық процестер аясында стратегиялық және одақтастық қатынастарды одан әрі жан-жақты дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Сөз соңында Қазақстан Президенті Ермек Көшербаевқа бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Естеріңізге сала кетейік 29-қаңтарда Тоқаев Ермек Көшербаевты Қазақстанның Ресейдегі жаңа елшісі етіп тағайындаған. Мемлекет басшысының үкімімен ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды.