Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның Элазиг провинциясындағы жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар мен жарақат алғандар туралы қайғылы хабарға байланысты Түркия халқына көңіл айтады.
"Осы қиын сәтте қайғыларыңызға ортақтасып, барша қазақстандықтар мен жеке өзімнің атымнан сізге және бауырлас түрік халқына көңіл айтамын. Алла Тағала марқұмдардың жандарын жұмаққа алып, жараланғандарға тезірек сауығуды нәсіп етсін", - делінген жеделхатта.