Сонымен, Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовпен және Шымкент қаласының әкімі Мұрат Айтеновпен жеке кездесулер өткізді.
Өңір басшылары Президентке 2019 жылғы облыстар мен қалалардың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы есеп берді және олардың одан әрі даму жоспарын талқылады.
Мемлекет басшысы әкімдерге өңірлерді дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.