12 маусымда КХДР төрағасы Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдап, онда ел халқының атынан Ресейдің саясаты мен іс-әрекетін толық қолдайтынын айтты.
Жеделхатта Ким Чен Ын Ресей Федерациясының Президентін Ресей күнімен құттықтады.
«Сіздің басшылығыңызбен орыс халқы түрлі сынақтар мен қиындықтарды ерлікпен еңсере отырып, біздің халқымыз жан-жақты қолдау көрсетіп отырған елдің абыройын, қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау жолында әділ істі атқаруда зор табыстарға қол жеткізді», - делінген жеделхатта.
Сондай-ақ, КХДР Төрағасының достық пен тату көршіліктің ұзақ тарихы мен дәстүрі бар корей-ресей қарым-қатынасын жоғары бағалайтыны атап өтілді. Ол жаңа дәуір талабы мен екі ел халықтарының ұмтылысына сәйкес қарым-қатынастарды жан-жақты кеңейту және дамыту КХДР үкіметінің берік ұстанымы екенін түсіндірді.
«2019 жылғы сәуірде Владивостоктағы бірінші кездесуімізден кейін жаңа сын кезеңге өткен корей-ресей достық пен ынтымақтастық қарым-қатынастары барлық салаларда одан әрі серпінді нығайып, дамитынына, сондай-ақ оны қорғау жолында екеніне сенімдімін. Халықаралық әділеттілік пен жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында екі ел арасындағы тактикалық және стратегиялық ынтымақтастық тығыз болады», - деп жазды Ким Чен Ын.
Жеделхаттың соңында КХДР басшысы Путинге зор денсаулық, ал достас Ресей халқына амандық пен гүлдену тіледі.