Мемлекет басшысының Жарлығымен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың қызметтік өкілеттілігі бір жылға созылды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
«Бүгін Президенттің Жарлығына сәйкес Даниал Кенжетайұлы Ахметовтің мол тәжірибесі ескеріліп, оның қызметтік өкілеттігі бір жылға ұзартылды», - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.