5 маусымда өткен республикалық референдумның алғашқы Еxit poll нәтижесі жарияланды.
«Конституцияға түзетулер енгізуге қолдау білдіргендер респонденттер 74,8 пайызды, ал қарсы болғандар 25,2 пайызды құрады. Еxit poll нәтижесі бойынша референдумға қатысушылар 70,1 пайызды құрады», - делінген зерттеуде.
Референдум барысында ел тұрғындары Конституциямыздың 33 бабына 56 өзгеріс енгізу мәселесіне қатысты өз дауыстарын берді.
5 маусымда елорда уақытымен сағат 21.00-де еліміздің барлық өңіріндегі референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталды.