Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Нартай Аралбайұлына сұхбат беріп, елдегі саяси ахуал мен бастамалар туралы айтты.
Журналист сұхбат барысында тұңғыш президентке қатысты елдегі алып-қашпа әңгімелер туралы айтып, оның тағдыры қалай болатынын сұрады.
«Қазақстан Республикасының шекарасының нүктесі 2018 жылдың 12 тамызы күні қойылды. Сол кезде Маңғыстау облысының әкімі едім. Нүктесі қойылмаған жер Каспий теңізінің айналасы еді. Осылайша Тәуелсіз Қазақстанның шекарасы бекітілді. Көрші елдердің бәрінде шекара мәселесі бар. Мен тек бір ғана жұмысын айтып отырмын. Оны ұмытуға қақымыз жоқ. Ал айналасындағы туыстарға байланысты мәселелермен құқық қорғау органдары айналысып жатыр. Барлығына құқықтық баға беріледі», - деді ол.
Премьер-министрдің орынбасары, бүгінгінің батырлары қатарына дәрігерлерді, тәртіп сақшыларын, ғалымдарды қосатынын мақтанышпен жеткізді.