Абу-Дабидің тақ мұрагері, ханзада Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян БАӘ Президенті болып сайланды.
Біріккен Араб Әмірліктерінің жоғарғы федералды кеңесі Абу-Дабидің тақ мұрагері, ханзада Мұхаммед бен Зейд Әл Нахаянды Президент етіп сайлады. Шешім бірауыздан қабылданды.
Ол – Біріккен Араб Әмірліктерінің негізін қалаушы тұлғаның үшінші ұлы.
13 мамырда БАӘ Президенті Халифа бен Заид Әл Нахаян дүние салды. Ол жер бетіндегі ең бай адамдардың бірі болған еді.