Telegram желісінде Қазақстанның ЕАЭО Кедендік одақтан шығуға бастамашы болып жатқаны туралы хабарлама тарады. Оның себебі «Қазақстан мен Ресей арасындағы шешілмеген келіспеушілікте» жатыр деген болжам бар.Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлады
Stopfake.kz сайтына.
Бұл хабарламаны ҚР Сауда және интеграция министрлігі жоққа шығарды.
«Қазақстанның жоспарлары туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», - деді министрліктің баспасөз қызметі.
Бұл ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігі де жоққа шығарды.
Таратылған хабарламада Қазақстан ЕАЭО-дан шығуды жоспарлап отыр деген автордың кейбір жеке дереккөздерге сілтеме жасағанын да ескереміз.
Ресми порталдар мен БАҚ-та Қазақстанның ЕАЭО-дан шығу жоспары туралы ақпарат жоқ.