Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биліктегі «Аманат» партиясы қатарынан шықты.
«Бүгінгі күннен бастап «Аманат» партиясының төрағасы ретіндегі өкілеттілігімді тапсырып, партия қатарынан шығуға шешім қабылдадым. Бұл – символикалық мәні бар қадам», - деді мемлекет басшысы.
Партияның кезектен тыс съезінде Тоқаев өзіне жауапты кезеңде партия тізгінін сеніп тапсырып, президент сайлауында қолдау көрсеткені үшін партия мүшелеріне алғыс білдірді.
Партияның жаңа төрағасы болып Тоқаевтың ұсынуымен Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов сайланды.