Қанды қаңтардан кейін отставкаға жіберілген Алматының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаев жаңа лауазымға ұсынылды. Бұл туралы «Kozachkov offside» Telegram-арнасы хабарлайды.
«Бақытжан Сағынтаевқа жұмыс табылды. Осы құжаттарға қарағанда, Алматының экс-әкімі Еуразиялық экономикалық комиссиядағы Руслан Бекетаевты алмастырады» делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы тұрғындары Алматы әкімі Сағынтаевтың отставкаға кетуін талап еткен петиция жарыққа шығып, 20 мыңнан астам қол жинады. Желіде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың отставкаға кетіп, орнына Бейбіт Атамқұловтың келе жатқаны туралы хабарлама тарады. Алматы әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарған болатын. 31 қаңтар күні Қазақстан президенті Сағынтаевты отставкаға жіберіп, орнына Ерболат Досаевты тағайындады.