Белгілі журналист Арманжан Байтасов өзінің YouTube-тағы BaitassovLive сұхбат жобасына Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасының орынбасары, ақын, жазушы Ақберен Елгезекті шақырды.
Сұхбат барысында Алматыда қаңтар айының басына орын алған жағдайлар, әлеуметтік желі, қазіргі әдебиеттің ахуалы, оқырмандар аудиториясы және тағы да басқа түрлі тақырыптар қозғалды.
«Мынандай бағдарлама бар: «Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату. Қаламақы төленбейді авторларға. Кітапты бересің, шығарады, кітапханада тұрады. Бірнеше жылдан бері жұмыс істеп тұрған бағдарлама – бұл. Қазір біздің қаламгерлердің басым көпшілігі бұл бағдарламаға кітап тапсырғысы келмейді», - деді ол.