Бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният коронавирус өршіп тұрған өңірлерді атады
Министрдің мәліметінше, өлім-жітім бүкіл пандемия кезеңіндегі күн сайын ең көп аурушаңдық пен өлім тіркелген тамыз айымен салыстырғанда 12,4 есе азайды.
«Қаңтар айының басынан бастап желтоқсанмен салыстырғанда сырқаттанушылық 11 есе өсіп отыр. Сыртқаттанушылықтың ең көп өсуі Ақтөбе облысында – 53 есе, Маңғыстау облысында – 34 есе, Атырау облысында – 33 есе, Қызылорда облысында – 28 есе, Нұр-Сұлтан мен Шымкен қалаларында 25 есе өсу байқалады. Өлім-жітім барлық өңірде төмен», - деді Ажар Ғиният.