Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин қаңтар айының басында еліміздің бірқатар өңірлерінде орын алған тәртіпсіздіктерді жасауға, ұйымдастыруға үндеген арандатушылардың арасында сот «экстремистік» деп таныған ұйым болғанын айтады.
Оның айтуынша, ұйымның әлеуметтік желілердегі чаттарында ғимараттарды басып алу және жолдарды жабу жөніндегі нақты нұсқаулықтар тараған.
Сонымен қатар, қазақстандық арнайы қызмет шетелдегі террорлық ұйымдардың елдегі жағдайды өз пайдаларына шешуге ұмтылғандарының жолын кесіпті.