Денсаулық сақтау экс-министрі, біраз уақыттан бері үйқамақта отырған Елжан Біртановқа қатысты қылмыстық іс сотқа жетті. Бұл туралы оның қорғаушысы Дмитрий Куряченко мәлімдеді.
«Қылмыстық істер жөніндегі кодекс нормаларына сай судья келіп түскен іс бойынша 5 тәулік ішінде жалпы немесе қысқартылған тәртіппен бас сот талқылауын тағайындау немесе алдын ала тыңдауды өткізу туралы шешім қабылдайды», – деді Дмитрий Куряченко.
Біртановпен бірге іс бойынша күдіктінің орынбасары Олжас Әбішев те тергеліп жатыр.