Түркия қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері президент Режеп Тайып Ердоған жақтастарының митингі өткен Сиирт қаласында жарылғыш затты жойды.
CNN Turk атап өткендей, митингте қауіпсіздікті қамтамасыз ететін полиция қызметкері қашықтан басқару бомбасын тауып алды. Полиция оқиғаға қатысты тергеу жүргізуде. Түркия президентіне қастандық жасамақ болған адамдар іздестірілуде.
«Мардинде жұмыс істейтін полиция қызметкерінің көлігінің астына жарылғыш зат қойылды. Сииртке келгенде оны жару жоспары болған. Олар митингті бұзғысы келді. Бейбіт ортаны бұзуға тырысқандар бар», – деді билеуші «Әділет және даму» партия төрағасының орынбасары Хамза Даг CNN Turk эфирінде.
Сиирт елдің оңтүстік-шығысында орналасқан. Түркия президенті өз жақтастарының алдында сөз сөйлеу үшін осы қалаға келді. Қастандық жасамақ болған күдіктілерді жедел іздестіру шаралары басталды.
Қараша айының соңында Түркияда экономикалық жағдайдың нашарлауы аясында наразылық білдірушілер мен полиция қызметкерлері арасында қақтығыстар басталғаны туралы хабарланды.
Түркияда Ердоғанның жақтаушылары да, оның қарсыластары да митингі өткізеді. Осылайша, елдің оңтүстігіндегі Мерсин қаласында мыңдаған азамат ұлттық валюта бағамының құлдырауы аясында президенттің отставкасын талап етуге шықты.