9 қараша күні өткен Қазақстан Республикасының электронды үкімет порталын цифрландыру бағытындағы жұмыстарды ресейлік «Сбер» компаниясына беру мәселесіне қатысты құрылған Сараптамалық топтың алғашқы отырысы өткен.
Белгілі қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан отырыста біршама жақсы жаңалықтар бар екенін жеткізді. Оның айтуынша, министр Бағдат Мусин жасаған мәлімдеме екі ай ішінде бірқатар өзгерістерге ұшыраған.
1. ҚР цифрландыру ісімен «Сбер» емес, тек қана қазақстандық компаниялар айналысады.
2. Сәйкесінше, «Сбер» компаниясына азаматтардың деректері берілмейді.
3. Осы жұмысқа бөлінетін 500 млн доллар еліміздің нарықтық айналымында қалады.
4. Барлық жаңа бағдарламалар 5 жылға жоспарланады, шетелден алынатын тауарлардың шығыс деректері болуы керек.
Мұхтар Тайжан бұл жаңалықты азаматтық қоғамның белсенділігі мен халыққа ашық диалогке келген министр Мусиннің арқасында жүзеге асты деп санайтынын айтқан.