Ресей президенті Владимир Путин 21 қазанда халықаралық «Валдай» клубының отырысында «Талибан» қозғалысын (Қазақстан, Ресей Федерациясы және басқа елдердің аумағында қозғалысқа тыйым салынған) террористер тізімінен шығарылуы мүмкін екенін айтты.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, уақытша үкіметтегі Ауғанстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Абдул Кахар Балхи Путиннің бұл мәлімдемесіне пікір білдірген.
«Ауғанстан Ислам Әмірлігінің» Сыртқы істер министрлігі Ресей президенті Владимир Путиннің Талибандарды террористер тізімінен шығаруды құптайды», – деді ол.
«Соғыс аяқталуға жақындағандықтан, әлем елдерінің де Ауғанстанға деген көзқарасы оң бағытта өзгеруі керек. Біз халықаралық қоғамдастықтармен өзара қарым-қатынас принципіне негізделген жақсы қарым-қатынас жасауға ұмтыламыз», - дейді Абдул Кахар Балхи.