Facebook кезекті рет дұрыс жұмыс істемей қалған сервис үшін тұтынушылардан кешірім сұрап, техникалық келеңсіз жайттардың себебін айтты.
Кеше осы компанияның иелігіндегі бірнеше әлеуметтік желіде сурет жүктеу және жаңалықтар лентасын жаңарту бойынша мәселелер туындаған.
«Соңғы бір-екі сағатта біздің сервисімізді емін-еркін пайдалана алмаған барша қолданушылардан кешірім сұраймыз. Біз барлық мәселелерді шештік, ендігі уақытта бәрі өз орынында болуы тиіс», - деп мәлімдеді компания басшылығы.
Компания мәліметіне сүйенсек, кеше түнде орын алған ақаулар 4 қазандағы сервистің жұмысының тоқтауының салдарынан болған.