Ақын, диссидент Арон Атабектің қызы Айдана Айдархан әкесінің ауруханаға жатқызылғанын хабарлады.
«Арон Атабек жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Өкпесінің 30% зақымдалған, ПТР тест әлі дайын емес», – деп жазды Айдана Айдархан әлеуметтік желідегі жазбасында.
1 қазанда Арон Атабектің жазасы жеңілдетіліп, бостандыққа шыққаны белгілі. Сол күні Арон Атабек Алматыға ұшып келген.
Арон Атабек 2006 жылдың 14 шілдесіндегі «Шаңырақ оқиғасынан» кейін сотталды. Қақтығыста 24 жастағы полиция қызметкері қаза тапты, оны бағанаға байлап, өртеп жіберген. Шаңырақта болған оқиғаға байланысты ол 18 жылға бас бостандығынан айырылды.