Әлеуметтік желіде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың жақын арада отставкаға кететіні туралы ақпарат тарады. Бұған алматылық азаматтың желіге жүктеген әлдебір қағазға Сағынтаевтың орынына уақытша міндетін атқарушы С. Құсайыновтың қол қоюы себеп болған.
«Жақын арада алматылықтардың әкімі ауысады. Сағынтаевтың отставкасы туралы ақпарат өріп жүр. Бірнеше күн бойы оның орынына С. Құсайынов қол қоюда», - деп жазған Телеграм арналардың бірі.
Осы аралықта Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі құжат астында әкім міндетін уақытша атқарушы азаматтың қол қоюын әкімнің өзі қысқа мерзімді демалысқа шығуымен байланыстырып, мәлімдеме жасады.
«Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев қысқа мерзімді демалыста», - деп жазды әкімдіктің баспасөз қызметі.