Бүгін Кабул қаласында Ауғанстан тарапының Қазақстаннан келетін гуманитарлық көмекке мұқтаждығы мәселесі талқыланды.
«Кабул қаласында өткен Қазақстан елшісі Әлімхан Есенгелдиев пен Ауғанстанның уақытша үкіметі уақытында Сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Амир Хан Муттакидің кездесі барысында ауған халқына азық-түлік және басқа да гуманитарлық көмек беру мәселелері талқыланды», - деп мәлімдеді ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Ауғанстанның Сыртқы істер министрі м.а. қазақстандық тарапқа ауған халқына қиын уақытта қажетті гуманитарлық көмек беруге дайын болғаны үшін алғыс білдірді.
«Ауғанстандық шендінің айтуынша, жаңа билік барлық елдермен, оның ішінде аймақтағы және көршілес жатқан мемлекеттермен бейбіт қарым-қатынас орнатуға мүдделі екенін жеткізді. Сонымен қатар, Ауғанстан тарапынан басқа мемлекеттердің қауіпсіздігіне қандай да бір қауіптің туындауына жол бермейтіні айтылған. Қазақстанның сыртқы саясаты, әсіресе ауғанстандық тарапқа қатысты, құрметке лайық екені айтылды», - деп жазды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
*«Талибан» қозғалысы – Қазақстанда тыйым салынған қозғалыс.