Дәурен Абаев: Назарбаев пен Тоқаев нұсқауларында ешқандай қарама-қайшылық жоқ
Тоқаев пен Назарбаев нұсқауларындағы қарама-қайшылықтар туралы журналистердің сұрағына министр жауап берді. Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында жала жабу үшін жазаны қатайту туралы айтқан болатын.
- Бұл нұсқаулар бір-біріне қатысты емес. Мен тамыз айында өткен брифингте айтқанымдай, Елбасының нұсқаулары анонимді ақпарат көздерінің, азаматтардың беделіне нұқсан келтіруі мүмкін түрлі жалған аккаунттардың пайда болуымен байланысты болды », - деді Дәурен Абаев.
«Біз қазір назарымызды тек қана құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге аударып жатырмыз. Енді біз құқық қорғау саласында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс бойынша жұмыс істейтін боламыз », - деді Абаев.