Қазақстан халқының жаппай алаңдаушылық білдіретін жанды жері – Кенесарының басын елге қайтару. Бұл мәселе төңірегінде түрлі ақпараттар желіде өріп жүр. Қайсысы рас, қайсысы жалған – кісі ажыратуы қиынға айналды.
Қазақстан саясаты туралы үнемі пікір білдіріп отыратын «Записки Аксакала» Телеграм-арнасында РФ Президенті Владимир Путин мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кездесуін талдаған материал жарық көрді.
Арнаның айтуынша, кездесуде үш негізгі мәселе қарастырылған. Олар:
1. Ауған-тәжік бағытындағы іс-қимылдар жиынтығын талқылау.
2. Қазақстандағы Президент сайлауы.
3. Кенесары ханның басын елге қайтару.
Үшінші мәселе бойынша арнадағы жазбада мынандай дерек келтіреді:
«Жыл басында ресейлік мамандар Кенесары ханның басын Омскідегі мұражайлардың бірінен тапқан. Қажетті генетикалық сараптама жұмыстары жүргізіліп, ханның басы екені анықталды.
Әсілі, Путин осы мұраны Елбасыға арнайы табыстайды. Салтанатты рәсім Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өтеді».
Портал редакциясының бұл тақырыпта бейтарап позиция ұстанады. Аталмыш ақпарат мемлекеттік мекемелер тарапынан ресми расталған жоқ.