Қазақстанның бес облысы бойынша 30 шілде күніне арналған ауа райы болжамы жарияланды.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с дейін жетеді. Петропавлда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел екпіні 15-20 м/с құрайды.
Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман. Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан соққан жел 15-20 м/с-қа дейін жетіп, шаңды дауыл болады. Өрт қаупі өте жоғары.
Ақтөбе облысында кей жерлерде найзағай күтіледі, оңтүстік, оңтүстік-батыстан 18 м/с жылдамдықпен жел соғады. 35 градустық ыстық ауа райы сақталады.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай. Оңтүстік-батыстан соққан жел, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Түстен кейін оңтүстік-батыста 38 градус қатты ыстық болады. Оралда күндіз найзағай ойнайды деп күтілуде.
Алматы облысында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Кейбір жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.