Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде әрбір екінші адам вакцина салдырғанын айтты. 5 230 750 адам вакцинаның бірінші компонентін салды. Министр бұл туралы ОКҚ брифингінде мәлімдеді.
Бүгінде 8,6 миллион доза вакцина қолданылды. Бірінші компонент 5 230 750 адамға салынды, бұл - тұрғындардың 52,8 пайызы. Екінші компонент 3 436 617 адамға салынды. Науқастардың 99,9 пайызы вакцина салдырмағандар екенін атап өткім келеді.
Бұл иммунизацияның қауіпсіз және тиімді екенінің дәлелі. Бүгінде вакцинация - коронавирустан болатын өлім жағдайының алдын алудың жалғыз жолы. Сондықтан әрбір қазақстандықтан вакцинацияға байланысты саналы шешім қабылдап, өзін және жақындарын қорғауын сұраймын, - деді Цой ОКҚ брифингінде.
Қазақстанда корнавирус жұқтырғандар саны 549 628 адамға жетті. 5 619 адам қайтыс болған.