Алматының Бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин шаһардағы карантин туралы жаңа қаулыға қол қойды.
Қаулыда Алматы қаласында коронавирус инфекциясының күрт өсуіне байланысты меншік нысанына қарамастан ұйымдарда, сондай-ақ жеке үй иеліктері мен медрелесерде адам көп жиналатын іс-шараларды, атап айтқанда айт намазын, өткізуге тыйым салу міндеттелген.
Сонымен қатар, қала аумағында 19-22 шілде аралығында орталық мешітінде айқындалған онлайн режимде құрбандық шалуды жүзеге асыратындарды қоспағанда, Алматы қаласы аумағында мал сою цехтері мен базарлар жұмысына, мал союға тыйым салынғаны айтылады.
Қаулыда 16 шілде мен 22 шілде аралығында Алматыға кіреберісте қала аумағына жануарларды әкелуге жол бермеу және жолын кесу жөніндегі бекеттер ұйымдастырылатыны айтылған. Бұл шектеулер онлайн құрбан шалу рәсімдерін шектемейді.
Алматы қаласының Бас санитар дәрігерінің Қаулысының толық мәтінімен
мына жерде таныса аласыз.