Қазақстан Дубайдағы ЭКСПО көрмесіне 22 миллион доллар қаражат бөлді. Неліктен?
ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов Қазақстанның неге 2020 жылы өтетін бүкіләлемдік ЭКСПО көрмесіне қатысуы керек екенін түсіндірді. Қазақстанның қатысуы 22 млн. долларды құрайды.
Біз 10 миллиард долларлық инвестиция ағымын қамтамасыз етпекпіз. Ол үшін біз Дубайдағы 2020 жылдың 20 қазанынан 2021 жылдың 10 сәуіріне дейін алты ай бойы өтетін ЭКСПО көрмесіне қатысуымыз керек. «Мүмкіндіктер технологиялық кластерінің аясында әлемнің әр-түрлі инвесторлары қатысатын көрмеде Қазақстан павильоны болады. Ал уақытша құрылыстар салу үшін 8,8 миллиард теңге немесе 22 миллион доллар бөлінді », - деді Смаилов үкімет отырысынан кейінгі сұхбатында.
Егер павильонға бару нәтижесінде қосымша шетелдік инвестициялар түссе, бюджетке түсетін қаражат жаңа өндірістер, жұмыс орындарын салуға жұмсалатыны айтты.
"Сондықтан бұл көрмеге қатысу өте маңызды"- деп түйіндеді.
Павильон ұлттық сипатта жасалмақ, сол себепті республика бюджетінен қаражат бөлінгенін айтты. ЭКСПО дүниежүзілік көрмесі Дубай қаласында (Біріккен Араб Әмірліктері) 2020 жылдың 20 қазанынан 2021 жылдың 10 сәуіріне дейін өтеді. Бұл Таяу Шығыста өткелі отырған алғашқы ЭКСПО көрмесі.
Қазақстан Дубайдағы өз павильонын БАӘ, Монако, Швейцария және Люксембург павильондарының жанындағы 3420 шаршы метр учаскеде салуға ниетті.
Еске салайық, Қазақстан 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында елордада ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесін өткізді.Оның тақырыбы - «Болашақ энергиясы». ЭКСПО-2017 көрмесіне 115 мемлекет және 22 халықаралық ұйым қатысты