Нұр-Сұлтанда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Осы айда депутаттар екінші рет жиналып отыр. 21 маусымда өткен алғашқы отырыста 2020 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарады.
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин қазіргі уақытта палата қарауында 35 заң жобасы бар екенін мәлімдеді. Олардың ішінде өнеркәсіптік саясат және әскери полиция органдары туралы заң жобалары бар.
«Қазіргі уақытта палата қарауында 35 заң жобасы бар. Олардың ішінде өнеркісіптік саясат, өсімдік дүниесі, Семей ядролық қауіпсіздігі, әскери полиция органдары туралы заң жобалары бар», – деді Н. Нығматулин.
Мәжіліс төрағасының айтуынша, ең негізі заң Қазақстанның бас қаржы құжаты. Үш жылға арналған республикалық заң жобасын қабылдайтынын жеткізген Нығматулин мемлекеттік қаражатарды заңмен бекітетіндерін айтты.
«Ең негізгі заң еліміздің бас қаржы құжаты. Осыған байланысты біз әдеттегідей үш жылдық 2022-2024 жылдарға арналған республикалық заң жобасын қабылдайтын боламыз. Онда еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын күшейтуге, пандемия салдарын еңсеруге, ел дамуындағы маңызды бастамаларды жүзеге асыруға қажетті мемлекеттік қаражаттарды заңмен бекітетін боламыз», – деді Мәжіліс төрағасы.
Сондай-ақ, парламентке кірген барлық партиялардың депутаттары пандемияға қарамастан белсенді жұмыс істегенін және депутаттық сауал жолдап, сайлаушылардың сұрақтарына жауап бергенін айтты.
«Сессия барысында депутаттар тек заң шығару жұмыстарымен ғана айналыспады, сонымен бірге халықпен кері байланыс жасады», – деді Нығматулин.