Украина Тәуелсіз Мемлекеттік Достастығы ұйымынан шығуы ықтимал. Бұл туралы ұйымның Атқару комитетінің басшысы Сергей Лебедев мәлімдеді.
«Украина қазіргі уақытта достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған жобаларға қатысуын тоқтатты. ТМД аясында қол қойылған бірнеше келісімнен де бас тартты», - деді ол.
Атқару комитеті басшысының айтуынша, Украина әлі күнге дейін ұйымның толық мүшесі саналып, жекелеген жобаларға қатысып келеді екен. Сонымен қатар, бұл елдің 2013 жылдан бері ұйымға жарна төлемегені де комитет назарында.
«Жарнаны төлемегені үшін бір елді ұйымнан шығаруға әбден болады. Бірақ біз мұны қаламаймыз. Біз бұл мәселені ТМД отырыстарында талқылады, сол жерде қалған қатысушылар бұл әрекеттердің дұрыс емес екенін айтты», - дейді Лебедев.