Беларусь Республикасының Александр Лукашенко Минск тарапы Украинадан келетін ұшақтарды қабылдамайтынын мәлімдеді. Мемлекет басшысының мәлімдемесі
БелТА порталында жарияланды.
А.Лукашенко екінші Минск қалалық балалар клиникалық ауруханасының қызметкерлерімен кездесу барысында беларусьтардың қазіргі уақытта Ресей мен Грузия курорттарына кетіп жатқанын, ал Түркия мен Мысырға бару үшін жолдың ауыр екенін айтты.
«Украинаның қандай сорақы әрекетке барғанын көрдіңіздер. Біз мұнда украиналықтарды құтқарып жатырмыз және көмек көрсете береміз. Адамдардың ешбір кінәсі жоқ, ал олар біздің ұшақтарымызғ шектеу қойып отыр. Қазір біздің ұшақтарымыз олардың территориясын айналып өтіп, Түркияға немесе Мысырға бару үшін 40-45 минут артық ұшады», - деді ол.
Еске сала кетейік, Украина 26 мамырдан бастап Ryanair рейсінің Минскіде төтенше жағдайда қонуынан бастап Беларусь Республикасынан келетін барлық әуе тасымалы көліктеріне шектеу қоятынын мәлімдеген.
Ryanair рейсімен Беларусь Республикасында экстремист ретінде танылған, Nexta Телеграм-арнасының негізін қалаушы Роман Протасевич ұшып келе жатқан. Минск әуежайында құжат тексеру барысында Протасевич пен оның сапарласы ресейлік Софья Сапега ұсталған.