Бүгін, 16 маусымда, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) ғылым және технология жөніндегі екінші саммитіне бейнебайланыс арқылы қатысады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі Берік Уәли мәлімдеді.
«Ғылым, технология және инновация: жаңа белестерге жол ашу» атты тақырып бойынша өтетін виртуалды саммитке Біріккен Араб Әмірліктері төрағалық етеді. Жиында ғылым, технология және инновация салаларындағы өзара ықпалдастық мәселелері, сондай-ақ, 2026 жылға дейінгі аталған бағыттардағы ИЫҰ бағдарламасының жүзеге асырылу барысы талқыланбақ», – деп жазды Берік Уәли.