Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтетін күн белгілі болды. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2021 жылғы 21 маусымда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын», – деп жазылған өкім мәтінінде.
Сурет: Егемен Қазақстан