ҰҚК қызметкерлері Алматыда халықаралық есірткі тобын ұйымдастырушылардың бірін ұстады.
«2021 жылғы 24 мамыр күні жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу іс-қимылдары кешенін іске асыру процесінде қылмыстық иерархияда халықаралық есірткі тобын ұйымдастырушылардың бірі ретінде әрекет ететін, «мефедрон» есірткі құралының көтерме партияларын өткізумен айналысатын Алматы қаласының тұрғыны ұсталды. Тінту іс-шараларын жүргізу нәтижесінде 1,3 кг синтетикалық есірткі табылып, тәркіленді.
Аталған факт бойынша ҚР ҰҚК Алматы қ. бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеу материалдарын ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ-ға тіркеді», - делінген ведомствоның мәліметінде.
Қылмыстық тауарлар ірі интернет-дүкендердің бірі арқылы сатылған. Соңғы жылдары есірткі заттарының ірі партияларын Алматының «қара нарығына» жеткізу байқалады.
Сурет: gov.kz