Парламент сенатында Жоғарғы сот судьясы Лариса Шепелева отставкаға кетуіне байланысты қызметінен босатылды.
"Лариса Шепелева құрметті отставкаға шығуға ниет білдірді. Құрметті депутаттар, Жоғарғы соттың судьясы отставкаға шығуына байланысты қызметінен босату туралы мемлекет басшысының ұсынымын қолдауды сұраймыз", - деді Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы.
Сенаторлар ұсынымды бірауыздан қолдап дауыс берді. "Ұзақ жылдар бойы сот жүйесінде еңбек етіп, ел дамуына үлес қосқаны үшін" Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Лариса Шепелеваға алғыс айтты.